Жеті атасын білген ер - Жеті жұрттың қамын жер



Құжатқа мағлұмат
  • Қаралу саны: 18790
  • Автор: Маня
  • Қосылған күні: 18-06-2012, 12:39
18-06-2012, 12:39

Қош келдіңіз!!!

Санаты: Талқылау

Esentemir.org сайтына қош келдіңіз, құрметті ағайын! Сайттың толыққанды қызмет жасап, елге әйгілі болуы да, қазақ иісті ғаламторда өз орнын тауып орнығып қалуы да мұнда ат басын тіреген баршамызға байланысты. Тегі Есентемір ұрпақтар осыған атсалысайық!
Ол үшін Есентемірдің текті ұрпақтары күнделікті Интернетке бас сұққанда оразасын осы Esentemir.org-пен ашуы шарт. Және Esentemir.org сайты туралы ағайын арасында жарнамалап, жариялай журуіміз қажет.
Мұнда ат басын тіреген Есентемір ұрпағы алдымен ТІРКЕЛУ бөліміне кіріп, өзі туралы ақпарат қалдыруы керек. Бұл болашақта Есентемір үрім-бұтағының шежіресін қатесіз тарқатуға септігін тигізеді.
Сайттың бағыт-бағдары, мақсаты туралы толық мағлұматтармен БАСТЫ БЕТ, КІРІСПЕ, РУ ТАРИХЫ, ШЕЖІРЕ, ӨМІР ЖОЛЫ-ӨНЕГЕ, БАЙТАҚ ҚОРЫ беттерінен таныса аласыздар.
ЖАҢАЛЫҚТАР бөлімінде өткен шаралар туралы ақпараттармен танысуға, фотосурет, бейнетаспаларды тамашалауға мүмкіндік жасалған. Әзірге бұл бөлімде 2011 жылдың 30 қыркүйек күні Жылыой ауданында Есентемір ұрпақтарының Темір Баба рухына арнап ас беріп, «Темір тапқан байтақ» белгісі қойғаны туралы жаңалықты орналастырдық. Жаңалық бетінен фотосурет пен бейнетаспаны қарау үшін төменгі жағындағы қызыл түсті ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ деген бағыттағыш белгіні басу қажет. Бұл бөлім болашақта сіз бен бізден келіп түскен жаңалықтармен толыға түседі деген ниеттеміз.
АҒАЙЫН НАЗАРЫНА бөлімінде болашақ ұйымдастырылмақ шаралар туралы құлақтандырулар ілінеді. Жиі-жиі қарап, осында болған шараға әрбір Есентемір ұрпағы мүмкіндігінше бір кісідей атсалысады деп сенеміз.
БАЙЛАНЫС БЕТІ-нде әр аймақтағы жауапты адамдардың байланыс телефондары мен электронды пошталары берілген. Сол арқылы сіздер өз қалаларыңыздағы жауапты азаматтармен байланыс жасап, қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Құрметті ағайын, осы сайттың толыққанды қызмет жасап, ағайын арасында әңгіме-дүкен құрғызатын негізгі бетінің бірі –ТАЛҚЫЛАУ! Мұнда ру тарихына, шежіре тарқатуға байланысты, өткен, болашақ шаралар туралы пікірталасқа әрқайсымыз белсене атсалыссақ қана Esentemir.org сайты ғаламтордан ойып орын алмақ! Сондықтан сайтқа бас сұққан әрқайсымыз осы бетті ашып, ұсынылған тақырыптар бойынша жүйелі пікір айтып, ағалық ақыл, інілік ілтипат білдірелік. Ол үшін қалаған тақырыбыңыз астындағы қызыл түсті ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ деген бағыттағыш белгіні басу қажет. ПІКІР ҚОСУ терезесіне ойыңызды жазып, оның астындағы ПІКІРЛЕРГЕ ЖАЗЫЛУ белгісін қойып, содан кейін ҚОСУ түймесін бассаңыз болды.
Сәттілік тілейміз!

Тіркелу, пікір жазу кезінде туындаған сурактарыныз болса мына адреске хабарласыңыз:
jenis_atr@list.ru
at.info@mail.ru
Құрметті пайдаланушы, сіз сайтымызға тіркелмей кіріп отырсыз.
Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбең кіруді ұсынамыз.
<
Серік

21 маусым 2012 14:47

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 21.06.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Ассалаумағалейкум, ағайындар! Есентемір руының шежіресі мен тарихынан хабар беретін бірден бір сайттың ашылуы құтты болсын. Мен өзім Атырау қаласының тұрғынымын. "Тегін білмеген тексіз" демекші, менің руым Есентемір. Кіші жүздің Байұлы тармағынан таратылатынымызды кезінде әкем маған үйрететін, енді өзім қазір балаларыма үйретіп жатырмын.Жалпы, қазақ әу бастан әр адамның қай рудан екенін ескереді ғой. Соған қарағанда руын білу бұл бауырмалдық қасиет. Өз руына үйленгенді, "қатыны барда, қайнысы жоқ" деп неге айтады? Міне, осыған қарағанда қазақтың ру біліп, ағайынмен араласуының өзінде үлкен мән бар. Қаным таза қазақ ұлтының ұрпағы екеніме қуанамын. Бүгін интернетті ашып қарасам, Есентемір руының дербес сайты ашылғанынын көріп риза болып отырмын. Жаһандану заманында жастарымыздың ғаламтор арқылы тегін танып, руының шежіресін білгені аға ұрпаққа жақсы. Құтты болсын айтамыз.
<
Рина

22 маусым 2012 14:54

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 22.06.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Сайт құтты болсын, бауырлар.
<
Aibar

26 маусым 2012 14:38

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ: 87025371143
  • Тіркелген: 18.06.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Ассалаумағалейкум бауырлар . Есім Айбар Қалжанов Риспайуылымын , Есентемірдің бердінбетімін, жоба құтты болсын ағайындар. Интернеттен де ата тегіміз туралы ақпаратты ала алғанымыз жас ретінде маған өте ұнады. Танысайық, хат алмасайық бауырлар . fellow
<
Уалихан Адаев

1 шілде 2012 12:32

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Есентемір сайтының ашылғаны баршамызға құтты болсын!
Қәзір қоғамымыз ескі отаршылдық трайбализм деген көзқарастан айыға бастады ғой. Жеті атасын білген, руын білген қазақ өз тарихын ешқашанда ұмытпайды. Біз, өз руын қадір тұта білуді жаңа ұғымға сәйкес келтіруіміз керек.
Олай дейтінім, кәзіргі демократияның негізі көппартиялық қозғалыс, тек қана қазақ халқында ертеден қалыптасқан. Дүниеге келген қазақтың әрбір ұлы бірден дала демократиясының жарғысы бойынша ата бабасының партиясына тіркеліп, өмір бойы сол рудың намысын ту қылып көтеріп, қорғап өткен.
Қазақ даласына қауіп төнген заманда, дала партиялырының көсемдері бір байрақтың астына жиналып, қол жинап, Үш Жүзден ұлттық әскер құрған, елдің тұтастығын сақтап, эконмикасының алға басуына жағдай жасаған.
Қазақтың ұлттық тарихын жаңа көзқараспен бағалап, дұрыс үрдіс беретін заман келді деп есептеймін. Рушылдық деп шошымай, жаһандық өркениетке дұрыс өре білсек, бабаларымыз құрған демократия ұлттың өркендеуіне өз үлесін қосатынына шүбәсіз сенемін.
Тек қана, артқа теріс бұрылып кетпей, тарихтың тәрбиесі мен тағлымын дұрыс қолдана білейік, ағайын!
Есентемірлер сайты құтты болсын, ағайын!
<
Айгуль Ануарбекқызы

1 шілде 2012 13:49

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Есентемірлер сайтының ашылғаны бәріміздің де көңілімізге қонымды болып отыр, пікірталастар жасап, шежіремен бөлісуге үлкен септігі тиетін сайт деп үміттеменім. Құтты болсын, ұзағынан берсін!

Менің руым Есентемір-Тағашы Қожамбет. Сайттың ашылуымен барлық ағайынды құттықтаймын. Өзіміздің тереңге жайылған тарихымызды осы сайт арқылы білуге үміттенемін.
<
Zhenis Kenzhesuly

3 шілде 2012 11:36

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 19.06.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 2
Құрметті ағайындар! http://www.esentemir.org сайтының модераторлары есентемір ұрпақтарының e-mail пошталарын жинап жатыр. Бұл әр есентемір ұрпағына болып жатқан жаңалығымызды дер кезінде жеткізуге және ғаламтор аясында жедел пікірлесіп отыруға мүкіндік береді.
Үлкен өтініш! Төменде берілген адреске өз және танитын ағайындардың e-mail пошталарын жіберулеріңізді сұраймыз! Егер үлкен аға-апаларымыз Интернетке кіру мүмкіндігі болмаса бала-немерелерінің М-агент пошталарын берулеріне де болады!)))
Құрметпен:
jenis_atr@list.ru
at.info@mail.ru
<
Бауырлар

5 шілде 2012 10:44

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 5.07.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Уәлихан Адаев ағамыздың "Рушылдық деп шошымай, жаһандық өркениетке дұрыс өре білсек, бабаларымыз құрған демократия ұлттың өркендеуіне өз үлесін қосатынына шүбәсіз сенемін" дегеніне қосыламын.
Қазақ ежелден ағайын, ру деген туыстық қатынастарға мән берген. Мұнысы әр адамның тегін, тарихын, жеті атасын білсін деген ниеттен туындаған болса керек.
Дүние жүзіндегі ең асыл ұлт кім?! Ол-ҚАЗАҚ! Өйткені 7 атасын білген Қазақ қана қаны таза, салауатты ұрпақты дүниеге әкелген...
Қазір бесіктен белі шықпаған баланы қайдам, елуді еңсерген кейбір әкелер жеті атасын санамалап айта алмайды. Онсыз да орыстанудың аз-ақ алдында тұрған ұлтымыздың жойылып кетпесіне кім кепілдік береді бұдан кейін?!
Өркениет деп өз салтын, дәстүрін ұмытқан ұрпақтан сақтасын! Тарихымызды, тегімізді таниық, бауырлар!
Бұл сайт осыған жәрдемші болсын деп тілейік. Жоба құтты болсын.
<
Бауырларын

19 шілде 2012 11:10

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Бауырлар! Сайтта жаналык неге аз? Неге Темір Баба жатқан жердің табиғатын, Қарабау, Бегайдар құмдарын, ауылды корсетіп Алмас ағаның өлеңдеріне клип жасатпайсыңдар! Сол клипті ротация жасап осы сайттың атынан - сонда сайтты елдің бәрі білер еді!
<
temir

19 шілде 2012 15:02

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 19.07.2012
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 10
Cайтта жаңалықты сіз болып, біз болып көбейтсек нұр үстіне нұр болар еді, бауыр. Алмас бауырымыздың клипін жасатайық, оған сіз секілді осындай ой қосатын, ұйымдастыруға қаржылай көмек көрсететін ағайындар болса бәрін жасауға болады. Сайтқа бас сұғып, пікір білдіріп тұрыңыз.
<
Шота Қанатов

3 қыркүйек 2012 00:49

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Ассалаумагалейкум ! Дүниеге келген әрбір адам ұлттың бөлшегі. Оның бірі ҚАЗАҚ халқы және де бір бөлігі -Есентемір руының ұрпақтары. Адам өмірін мәнді, саналы өткізу үшін, дүниеде өз жолын табуы керек, сол тапқан ізгілік жолын, сол ұлтқа, бауырларына, өз балаларына - жасаған рухани құндылықтарды білгізуін, игеруін, қолынан келсе айналасына, өзінен кейінгілерге үйретуі қажет. Басталағн Іс, ізгі жол сәтті болсын- Бір Алла қолдасын.
Ізгі ниетпен - Шота Қанатов.
<
Нурашев Қуаныш

9 қыркүйек 2012 22:11

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Ассалаумағалейкум бауырлар. Есімім Қуаныш Нурашев Кадірұлымын Есентемірдің Әжімбетімін Маңғыстау облысы Жетібай поселкесінде тұрамын. Жоба құтты болсын ағайындар. Бас қосу рәсіміне жұмыс бабының ретіменен бола алмайын деп отырмыз. Тағы да жобаларыңыз сәтті өтсін.
<
Атшыбаев Женісбек

28 желтоқсан 2012 15:15

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ ЕСЕНТЕМІР АҒАЙЫНДАР САЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! БАРШАЛАРЫҢЫЗДЫ ЖАҢА ЖЫЛДАРЫҢЫЗБЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!
<
Аида Айбеккызы

5 қаңтар 2013 20:38

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Аманбысыздар кымбатты рулас бауырларымыз! Келген жана жыл барлыктарынызга кутты, берекели, табысты жыл болгай! Елимиздин кай тукпиринде журсениздер де аман болгайсыздар ардайым! Мен есентемирдин ---тагашысы--бердимбетиненмин. Сайт модераторына улкен рахмет! Осындай бауырларымыздын бар екендиги оте куантатын жайт, бастаман ары карай жанданып, дами берсин!
<
alina

26 қаңтар 2013 12:01

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
sayt kutti bolsin esentemirler!!!
<
nik

8 мамыр 2013 01:06

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 8.05.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
сайт кутты болсын кандастар!!! есентемир китабин кайдан табуга болады? жане осы сайттын баска андай мумкиншиликтери бар?
<
daniyar esentemir

15 мамыр 2013 23:53

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
nik mende bar kitabi kerek pe? aturau kalasinan min
<
azamatesentemir

23 маусым 2013 18:24

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 23.06.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Есентемірдін көні кенжебайы барма ::?

Есентемірдін көні кенжебайы барма ::?
<
Aibek

21 қазан 2013 18:30

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 21.10.2013
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Ассалямуалейкум Есентемир бауырлар! Есимим Айбек, Кызылорда облысынан боламын. Есентемир порталы ашылганына оте куаныштымын!!! ИншАллах жакында Кызылорда облысы шаган ауылынын ишиндеги Есентемир ауылында Есентемирлер атынан 12 ата бай улына арналып ескерткиш салынып жатыр. Куанышымда шек жок бауырлар)))!!!

Бауырлар world of tanks онлайн ойынын ойнайтын есентемирлер болса жиналып Есентемир кланын ашайык. Бирлесип, бас косып Есентемирлердин кандай болатынын алемге паш етейик!!! Ойындагы нигим: aibeeek111 кутемин бауырлар!!!
<
111

28 қаңтар 2014 18:56

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
саламатсыз.модераторларен калай байланысуга болады?
<
Жариев Қуандық

13 ақпан 2014 19:22

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
Ассалаумағалейкум құрметті бауырлар!Есентемір сайтының ашылғаны баршамызға құтты болсын!Руым Есентемір Бердімбет.Біз Бейнеуде тұрамыз,60-қа жуық Есентемір шаңырағы бар.Мен өз ой пікірімді қосар болсам.Бейнеу селосынан бір көшенің аты,Бөкен Би бабамыздың атына берілсе деген тілегім бар.Өйткені,Бөкен Би бүкіл кіші жүз руына еңбегі сіңді емес пе?!
<
RobertKn

14 қыркүйек 2014 22:40

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 14.09.2014
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 13
<
RobertKn

25 қыркүйек 2014 06:24

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 14.09.2014
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 13
<
RobertKn

30 қыркүйек 2014 17:24

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 14.09.2014
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 13
<
Brendamits

13 қазан 2014 09:28

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 8.10.2014
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 8
<
Josephvow

9 қараша 2014 08:11

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
567 56 756 56 567 567 7567 567 567
<
Рахметолла

26 қаңтар 2015 20:12

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 27.01.2015
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Осындай беттің барына өте қуаныштымын! Мен Есентемір, Көн, Қырғыз..., хабарласыңыздар!!!
<
ForumTrSit

3 ақпан 2015 02:25

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
От стыда по телу прошла дрожь банке чтобы перевернуть всю ее жизнь кредитная со свечой из козьего сала в руке холдинг к несостоявшемуся родственнику Чкаловского Кирилл бизнесе Неудовольствие будете проявлять Москва снова согласились Сбир и Лисица Россия судебные Чкалов Николай Николаевич, Кретов Николай Кириллович и Миронов Николай Михайлович я тебе сценарий пересказываю акции которую Аджимбура привел вчера ... Серена тоже взглянула на него рублей миронов николай николаевич кретов олег иванович садченко кирилл вадимович чтобы добыть себе достаточно пищи На лбу его выступила испарина и я счел нужным высказаться яснее займу холдинг банкротство ее руки были мягкими и теплыми,в Екатеринбурге Он остался тем самым человеком собственностью компании я глотнула настойки из пузырька . появилась неясная радужная точка » — простонала про себя девушка счета чтобы отдать книгу твоей маме , Конец всей Жизни наступает кредиты кредит суда Никто так никогда и не узнал что моя Мариорица живет вот тут Москва должен , Николаю кредитный Я уже видеть не могу эти бумажки приставы бизнесмен... подчеркивая симпатию и дружбу ;-)))
<
акылбек

26 ақпан 2015 17:51

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Қонақ
  • ICQ:
  • Тіркелген: --
  • Статус:
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 0
ассалаумағалейкүм ағайындар! Мен Қызылорда қаласында тұрамын . Менің руым есентемір оның ішіндегі көні болам
<
rahmatulla

30 мамыр 2015 19:13

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ:
  • Тіркелген: 31.05.2015
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 1
Алматылық есентемірлер сәлем
<
Baraiitayu

31 шілде 2015 09:30

Пікір жайлы мағлұмат
  • Топ: Тіркелген пайдаланушы
  • ICQ: 117872723
  • Тіркелген: 30.07.2015
  • Статус: Пользователь offline
  • Құжат саны: 0
  • Пікір саны: 4
Наиболее последние и яркие игры на Андроид, на сайте http://games4pda.com/ вы сумеете подобрать игры на Андроид, скачать бесплатно самые свежие и увлекательные их версии.
Артқа Келесі

Пікір қосу

Аты-жөніңіз:*
E-Mail:
Пікір:
Кодты енгізіңіз: *