Жеті атасын білген ер - Жеті жұрттың қамын жер



Байтақ қоғамдық қоры




«Байтақ» қоры туралы


Жыл басында орталық штаб пен аймақтағы штаб мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналыс отырысы болып, онда атқарылатын істердің жоспарымен бірге қор құру мәселесі қойылған еді. Осыған байланысты, жиналыс шешімімен «Байтақ» атты қор құрылып, оның құрылтайшылық шарты пен Жарғысы талқыға салынып, бекітілді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып құрылған қордың құрылтайшылары:


- Мақашев Нұрпейіс Мақашұлы - 8701 111 5869 n.mahashev@mail.ru -
- Қуандықов Балтабек Мұқанұлы - 8701 111 9199 bmku@meridian_petroleum.kz
- Өтебаев Сәкен Нұриұлы - 8 701 111 7557 sutebayev@gmail.com

Қорды құрудың мақсаты:
- әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру мақсаттарына қол жеткізу;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени әлеуетін сақтау мен дамыту;
- азаматтардың денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау;
- деректі кинофильмдер, кітаптар мен электронды жазбалар шығару арқылы Қазақстан Республикасының мәдени мұрасы объектілерін көпшілікке тарату;
- қоғамның мәдени деңгейін арттыруға бағытталған қызметке жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасының ғылыми, мәдени, зияткерлік және туристік әлеуетін құруға жәрдемдесу;
- ескерткіштер мен басқа да мәдени объектілерді қалпына келтіру;
- сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға жету болып табылады.

Қор қызметінің түрлері:
- білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыру, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелерді (балабақшаларды), мектептерді, кәсіби техникалық мектептерді/училищелерді салу және/немесе қайта құру, жаңғырту;
- денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыру, оның ішінде емдеу, санаторий-курорттық мекемелерін, диагностикалық және оңалту орталықтарын салу және/немесе қайта құру, жаңғырту;
- «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру және іске асыру;
- «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде мемлекет іске асырып отырған жобалар мен іс-шараларға қатысу;
- тақырыптық іс-шараларды, дәрістерді, экскурсияларды, байқауларды, конкурстарды, көрмелерді, спектакльдерді, концерттерді және т.с.с ұйымдастыру арқылы мәдени-көшілік қызмет;
- қайырымдылық іс-шаралары мен акцияларын өткізу;
- қоғамға мәдени мұраны таныстыру және насихаттау;
- ғылыми зерттеулер, оның ішінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, кеңестер, конкурстар, көрмелер мен семинарлар өткізуді қаржыландыруды, сондай-ақ өзге де қызметті және білім беру, ағарту, ғылым, мәдениет пен өнер саласына жәрдемдесуді қоса алғанда, тарихи-мәдени зерттеулер жүргізуге жәрдемдесу;
- заңнамада белгіленген тәртіппен мәдени мұра объектілерін мемлекеттік қорғау, сақтау, пайдалану мен көпшілікке тарату жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу;
- Қазақстан Республикасында іске асырылатын тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге бағытталған бағдарламаларға белгіленген тәртіппен қатысу.
- аз қамтылған отбасы балаларын оқытуға жәрдемдесу.
-дарынды оқушылар, студенттер, жас мамандарға, сондай-ақ мәдениет, әдебиет,ғылым саласының талантты өкілдеріне қолдау көрсету.
Қор кәсіпкерлік қызметпен бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес болған соң ғана айналыса алады.
Заңнамалық актілерге сәйкес қызметтің жекелеген түрлерін Қор тек лицензия негізінде ғана жүзеге асыра алады.

Қордың атқарушы директоры:
Бақыт Меңдешов -8701 476 0668 факс:87122250579 atyrau-taxi@mail.ru

Қор қазынашысы:
Болат Өтебаев Қабиұлы- 8701 7550312 b.utebaev@emg.kmgep.kz


Қордың орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 060002 Атырау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 1-ші үй. 108-ші кеңсе.

Атауы/Наименование Общественный фонд «Байтақ»
СТН/РНН 151000057238
БИН 120640006807
БеК КБе 18
KZ968560000005254695 KZT
СК (банк коды) БИК (код банка) KCJBKZKX
АО «Банк Центр Кредит»