Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/13/130386/webspace/httpdocs/esentemir.org/engine/modules/show.full.php on line 335 Esentemir.org > Басып шығару нұсқасы > Қош келдіңіз!!!
Басты бет > Талқылау > Қош келдіңіз!!!

Қош келдіңіз!!!


18-06-2012, 12:39. Қосқан: Маня
Esentemir.org сайтына қош келдіңіз, құрметті ағайын! Сайттың толыққанды қызмет жасап, елге әйгілі болуы да, қазақ иісті ғаламторда өз орнын тауып орнығып қалуы да мұнда ат басын тіреген баршамызға байланысты. Тегі Есентемір ұрпақтар осыған атсалысайық!
Ол үшін Есентемірдің текті ұрпақтары күнделікті Интернетке бас сұққанда оразасын осы Esentemir.org-пен ашуы шарт. Және Esentemir.org сайты туралы ағайын арасында жарнамалап, жариялай журуіміз қажет.
Мұнда ат басын тіреген Есентемір ұрпағы алдымен ТІРКЕЛУ бөліміне кіріп, өзі туралы ақпарат қалдыруы керек. Бұл болашақта Есентемір үрім-бұтағының шежіресін қатесіз тарқатуға септігін тигізеді.
Сайттың бағыт-бағдары, мақсаты туралы толық мағлұматтармен БАСТЫ БЕТ, КІРІСПЕ, РУ ТАРИХЫ, ШЕЖІРЕ, ӨМІР ЖОЛЫ-ӨНЕГЕ, БАЙТАҚ ҚОРЫ беттерінен таныса аласыздар.
ЖАҢАЛЫҚТАР бөлімінде өткен шаралар туралы ақпараттармен танысуға, фотосурет, бейнетаспаларды тамашалауға мүмкіндік жасалған. Әзірге бұл бөлімде 2011 жылдың 30 қыркүйек күні Жылыой ауданында Есентемір ұрпақтарының Темір Баба рухына арнап ас беріп, «Темір тапқан байтақ» белгісі қойғаны туралы жаңалықты орналастырдық. Жаңалық бетінен фотосурет пен бейнетаспаны қарау үшін төменгі жағындағы қызыл түсті ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ деген бағыттағыш белгіні басу қажет. Бұл бөлім болашақта сіз бен бізден келіп түскен жаңалықтармен толыға түседі деген ниеттеміз.
АҒАЙЫН НАЗАРЫНА бөлімінде болашақ ұйымдастырылмақ шаралар туралы құлақтандырулар ілінеді. Жиі-жиі қарап, осында болған шараға әрбір Есентемір ұрпағы мүмкіндігінше бір кісідей атсалысады деп сенеміз.
БАЙЛАНЫС БЕТІ-нде әр аймақтағы жауапты адамдардың байланыс телефондары мен электронды пошталары берілген. Сол арқылы сіздер өз қалаларыңыздағы жауапты азаматтармен байланыс жасап, қажетті ақпаратты ала аласыздар.
Құрметті ағайын, осы сайттың толыққанды қызмет жасап, ағайын арасында әңгіме-дүкен құрғызатын негізгі бетінің бірі –ТАЛҚЫЛАУ! Мұнда ру тарихына, шежіре тарқатуға байланысты, өткен, болашақ шаралар туралы пікірталасқа әрқайсымыз белсене атсалыссақ қана Esentemir.org сайты ғаламтордан ойып орын алмақ! Сондықтан сайтқа бас сұққан әрқайсымыз осы бетті ашып, ұсынылған тақырыптар бойынша жүйелі пікір айтып, ағалық ақыл, інілік ілтипат білдірелік. Ол үшін қалаған тақырыбыңыз астындағы қызыл түсті ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫ деген бағыттағыш белгіні басу қажет. ПІКІР ҚОСУ терезесіне ойыңызды жазып, оның астындағы ПІКІРЛЕРГЕ ЖАЗЫЛУ белгісін қойып, содан кейін ҚОСУ түймесін бассаңыз болды.
Сәттілік тілейміз!

Тіркелу, пікір жазу кезінде туындаған сурактарыныз болса мына адреске хабарласыңыз:
jenis_atr@list.ru
at.info@mail.ru


Артқа оралу