Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/13/130386/webspace/httpdocs/esentemir.org/engine/modules/show.full.php on line 335 Esentemir.org > Басып шығару нұсқасы > Назарға!!!
Басты бет > Ағайын назарына > Назарға!!!

Назарға!!!


13-08-2012, 15:40. Қосқан: Маня
Армысыздар, ардақты ағайын-бауырлар!


Біз сіздерге «Esentemir.org» сайты арқылы қуанышты хабар айтып, СҮЙІНШІ сұрағалы отырмыз. Біріншіден, тарихи тұлға, дана би, дәулескер шешен Бөкен би бабамыздың 1996 жылы тұрғызылған кесенесін қалпына келтіру үшін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанын хабарлаймыз. (Төмендегі сурет кесененің жөндеуден кейінгі көрінісі).
Екіншіден, ағайындар арасында ұзақ уақыт талқыға салынған «Бөкен би-тарихи тұлға, дана би, дәулескер шешен» атты Бөкен би рухына арнап ас беру рәсімі үстіміздегі жылдың 14-15 қыркүйегінде Атырау облысының, Қарабау ауылында өткізілетін болып шешілгенін қаперге береміз. (Шара бағдарламасы төменде берілген).
Шара жергілікті Қызылқоға ауданының әкімдігімен келісіліп ұйымдастырылады. Иісі қазаққа ортақ Он екі ата Байұлының бас биі, дәулескер шешені Бөкен биге арнап берілетін асқа елімізге белгілі азаматтар мен Атырау облысының әкімі арнайы қонақ ретінде шақырылды. Алыс-жақыннан келетін ағайындар мен қадірменді қонақтар үшін бұл күні Қарабау төрінде 12 киіз үй тігіледі.
Бөкен би басына барып құран оқып, тағзым етуден басталатын шара барысында Қарабау ауылындағы орта мектепте «Бөкен Бидің шешендік мектебі» ашылады. Сондай-ақ, «Байтақ» қоғамдық қоры арнайы сыйлаған лингвистика кабитентінің және Қазақстан баспаларының осы шараға арнайы жолдаған қітапханасының (200 кітап) тұсауы кесіледі. Шарада Бөкен биге арналып арнайы шығарылған кітап сатылады. Жеткілікті данада жарық көрген кітапті кез келген азамат сатып алуына болады.
Бабаға арнап ас беру шарасы 15 қыркүйек күні ертеңгілік сағат 8.00 де басталатынын хабарлаймыз. Ас өтетін Қарабау жері шалғайда орналасқандықтан асқа баратын ағайындар мен қонақтар үшін Атыраудан 14 қыркүйекте арнайы көлік ұйымдастырылуда. Өз көлігі жоқ азаматтар шараға қатысуға ниет білдірсе ұйымдастыру алқасына 5 қыркүйекке дейін көлікке өтінім қалдыруы тиіс.
Ұйымдастыру шарасына қатысты қосымша ақпараттар алу үшін төмендегі тұлғаларға хабарласуларыңызға болады: Бағыт Меңдешев-87014760668, Құлшарап Шомаев-87015126803, 87052455410 , Өтебаев Болат Қабиұлы– 87017550312.


«Бөкен Би - тарихи тұлға, дана би, дәулескер шешен»
шарасының бағдарламасы.


Қарабау с. 15 қыркүйек 2012 жыл


1. 07.00-08.00 сағ. Киіз үйлерде жеңіл таңғы ас.

2. 08.00-08.30 сағ. Баба басына құран оқып тағзым ету.

3. 08.30-09.30 сағ. Қарабау мектебінде «Бөкен би- шешендік мектебін» ашу

4. 09.30-10.00 сағ. «Бөкен би- шешендік мектебі» арнайы сынып сағаты.

5. 10.00-10.30 сағ. «Бөкен би» кітабының тұсау кесері.

6. 10.30-11.00 сағ. Үзіліс (қонақтар мектептен киіз үйлерге қайтатын аралық)

7. 11.00-11.10 сағ. Аудан әкімінің құттықтауы.

8. 11.10-12.15 сағ. «Бөкен Би - тарихи тұлға, дана би, дәулескер шешен» атты шағын сахналық көрініс.

9. 12.15-13.00 сағ. Салтанатты құттықтаулар.

10. 13.00-13.30 сағ. Концерттік бағдарлама мен ұлттық спорттық ойындар.

11. 13.30-15.00 сағ. Бөкен би бабаға арналған ас беру рәсімі.

12. 15.00 сағ. Қонақтарды шығарып салу.


Ұйымдастыру алқасы




Назарға!!!
Жөндеуден кейінгі Бөкен би кесенесінің көрінісі.

Артқа оралу