Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/13/130386/webspace/httpdocs/esentemir.org/engine/modules/show.full.php on line 335 Esentemir.org > Басып шығару нұсқасы > Жаңа 2013 жылмен құттықтау
Басты бет > Ағайын назарына > Жаңа 2013 жылмен құттықтау

Жаңа 2013 жылмен құттықтау


28-12-2012, 12:59. Қосқан: Маня
Қадірлі ағайындар!

Баршаңызды жаңа 2013 жылмен құттықтаймын!
2012 жыл ағайындардың бірлігі беки түскен, ынтымағы арта түскен берекелі жыл болды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен Есентемір ұрпақтары жиналып, қыркүйек айының 14-15 күндері «Бөкен би-тарихи тұлға, дана би, дәулескер шешен» атты Бөкен би рухына арнап ас беру рәсімін абыроймен өткіздік. Бабамыздың кіндік қаны тамған Атырау облысының, Қызылқоға ауданының, Қарабау ауылының төрінде баба ұрпақтары ғана емес, алты алаштың арыстары жиналды. Осылайша тарих қойнауына еніп бара жатқан 2012 жылы тағы бір Ұлымызды ұлықтап, данагөйімізді дәріптедік.
Келелі міндеттеріміз бен, мақсаттарымыз бар келер 2013 жылан жылы баршаңыз үшін жақсылық пен жарқын бастамаларға толы жыл болсын. Ағайындығымыз артып, бірлігіміз беки берсін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, сәттіліктер тілеймін.


«Байтақ» қоғамдық қорының төрағасы
Н.М.Мақашев

Артқа оралу