Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/13/130386/webspace/httpdocs/esentemir.org/engine/modules/show.full.php on line 335 Esentemir.org > Басып шығару нұсқасы > Құттықтау
Басты бет > Жаңалықтар > Құттықтау

Құттықтау


12-09-2014, 11:20. Қосқан: Маня
ҚҰТТЫҚТАУ
(Қызылорда облысының Шаған ауылында
«Есентемір баба» атындағы саябақ кешенінің ашылу салтанатына орай)

Тойға барсам бармаймын құралақан,
Өлең жазып,дастанды шұбалатам.
Шаңырағын көтерген Бабамыздың,
Біздің бақан-киелі мына бақан!..

Анау менің жайлауым алыс кеткен,
Анау тауым аспанға шанышқы еткен.
Айналайын, бабалар,аруағыңнан,
Дулығасы жарқылдап ғарышқа өткен.

Қандай жақсы өз тегін кие білген,
Кие біліп тәңірдей сүйе білген.
Ұлықтығын бабамның дәріптеймін,
Жаным шығып кеткенше иегімнен.

Бесқаланың төртеуін алған көкем.
Жібек жолын Қытайға салған көкем,
Құйрығына түйенің түйе байлап,
Аяғы жеткен жерді шалған көкем,

Үлкеніңді мен сенің көкем дедім,
Інің болмай мен саған бөтен бе едім.
Көп қадаса мен де бір уық қадап,
Шаңырағыңды мен сенің бекемдедім.

Теңіз кешіп,
Жайықты жағаладым.
Таста тұрған жебей көр, ағаларым.
Жебеп тұрса даралар,
Даналарым,
Тас сұрауға жетіп тұр бағаларым.

Оу,менің арлан көкем,арман көкем.
Дүбірі жарты әлемді жарған көкем.
Жартысына құрылықтың отау тігіп,
Марыдан да арыға барған көкем.

Айтшы,бауырым,осы сөз жалған ба екен,
Қазақсыз жер әлемде қалған ба екен?!.
Қазақстанның кем емес аумағынан,
Қазақстанның сыртында қалған мекен.

Тасқа тиіп мұрыным қанағанда,
Жапа шектім білдірмей жан адамға.
...Көшпендінің мен дағы баласымын,
Топырағы түюлі...чемоданға!..

Сендер барда көзімнің қарасы бар,
Сендер барда бар істің шарасы бар.
Бірінен соң туылған бір анадан,
Байұлының он екі баласы бар.
Сөз айтқандай бәрінің шамасы бар!..

Мың-мың шынар сол талдан бүртіктеген,
Миллион батыр...
құс алған бүркітпенен.
Дауға барған билері тілін безеп,
Жауға барған ұлдары мылтықпенен.

Кекірейгенді құлатқан бастан ұрып,
Бабамыздан болмаған асқан ұлық.
Миллион-миллион шаңырақ осы күнде,
Он екі ата әлемге шашқан ұрық.

Бәріңе де өлеңім мәлім шимай,
Болмайды ақын өлеңге жанын құймай.
Аракідік мен кейде қысыламын,
Өзім сыйған орынға ШАЛЫМ сыймай.
Жер таласып,ел-жұртпен төр таласып,
Өліп бара жатқандай малым сыймай!

Ас береді аруағын ұмытпаған,
Ер болады өз тегін ұлықтаған.
Бүгін түнде бірталай әңгіме айтты,
Есентемір деген шал кіріп маған.

Кешіріңдер сөзімді шатпақтаған.
Барып-келіп Байтаққа батпақ табан!..
Түстерімде,
Қалбайды жебеймін деп,
Барып-келіп жүр екен әппақ Бабам.

Ел сыйлаған ерін де сыйлайды анық.
Тезек тердім етегім қимайланып.
Түнде тұрып от жақтым самоварға,
Атам жүрген Шағанда үйді айналып!..

Есентемір Оразымбет Баһадұр ұрпағы,
«Қазақнама» кітабының авторы,
ақын Қалбай ӘБДІРАМАНОВ

Артқа оралу